ЖШС «Радуга» бөбекжай балабақшасы
Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» №319 Заңының 59 бабы, 4-1 тармағына және Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2025 жылғы 07- қараша №1632 бұйрығы бойынша 2026 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізіміне сәйкес өзін-өзі бағалау құжаттарын жүргізу үшін мынадай құрамда балабақшаны өзін-өзі бағалау аттестаттау комиссиясы 05 қаңтар 2026 жылғы № 01 бұйрығымен құрылды:
Аттестаттау комиссиясының құрамы
-
С
Комиссия төрайымы
Серибаева Улбосын
Балабақша меңгерушісі
-
Б
Комиссия мүшесі
Батыркулова Ботакуз
Балабақша тәрбиешісі
-
Ю
Комиссия мүшесі
Юсупова Гулмира
Балабақша медбикесі
-
Б
Комиссия мүшесі
Бекмурзаева Гулмира
Балабақша тәрбиешісі
Өзін-өзі бағалау іс-жоспары түзілді және соған сәйкес жұмыстар жүргізілді. Бағаланатын кезеңдерге сәйкес талдау жасалатын құжаттар дайындалды және олардың барлығының көшірмелері түпнұсқадан сканерленген ПДФ форматталған файлдарға салынды және балабақшаның ресми сайтына жүктелді.
ЖШС «Радуга» бөбекжай балабақшасы туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Ұйымның атауы | ЖШС «Радуга» бөбекжай балабақшасы, Сарыағаш ауданы |
| 2 | Орналасқан жері | Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Самала, Қ.Құттыбеков к-сі, 35 үй |
| 3 | Байланыс деректері | 📞 87787088896 ✉️ sadikraduga3@gmail.com |
| 4 | Басшы | Байназарова Клара Сейткасымовна (№02 бұйрық) |
| 5 | Мемлекеттік тіркеу | БИН: 181040002608 |
| 6 | Рұқсат құжаттары | KZ31RYSOO766889 (10.09.2024) KZ17RYK00036265 (28.09.2021) |
| 7 | Ғимарат салынған жыл | 2023 жыл |
| 8 | Ғимарат түрі | Екі қабатты типтік үлгі |
| 9 | Топтар саны | 4 топ |
| 10 | Оқыту тілі | Орыс тілі |
| 11 | Жұмыс аптасы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | І ауысым |
| 13 | Жобалық әлует | 95 орындық. Қазіргі таңда 95 тәрбиеленуші |
ЖШС «Радуга» бөбекжай-бақшасы екі жыл және ағымдағы жылдың қаңтар айына дейінгі оқу-процесін зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия қызметтің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау қортындысын ұсынады.
2026 жыл. Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы
ЖШС «Балапан» бөбекжай балабақшасы туралы ақпараттық анықтама
Балабақша ғимараты типтік үлгіде. Балабақша 95 орындық, қазіргі таңда 95 тәрбиеленуші жас ерекшеліктеріне қарай 4 топқа топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін, 10,5 сағат жұмыс жасайды. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде.
Топтар тізімі (95 тәрбиеленуші, 4 топ)
Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті,консультациялық кабинеттері, думан залы, залы,мед кабинет, асхана ,қойма, кір жуу блогы бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері автономды.Су орталықтандырылған. Балабақша өрт дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Түркістан облысының полиция департаменті Жедел басқару бейне бақылау камералары интеграция жасалған Домофон орнатылған, охрана агенство қарастырылған.
Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал - сайман жабдықтармен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, шырша ағаштары, қара ағаш т.б. жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңында әр топтың ауласы бөлек, балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын саялы көлеңкелі ойын алаңдары қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған алаңы бар.
Техникалық жабдықтар
- Теледидар 4 дана
- Ноутбук 5 дана
- Компьютер 2 дана
- Принтер 2 дана
- Түсті принтер 1 дана
- Интерактивті тақта 1 дана
- Проектор 1 дана
Арнайы бөлмелер мен қауіпсіздік
- 🏢 Меңгеруші кабинеті
- 📚 Әдістемелік кабинет
- 🗣️ Консультациялық кабинет
- 🎭 Думан залы
- 💊 Медициналық кабинет (емшара + оқшаулау бөлмесі)
- 🔥 Өрт дабылының автоматты жүйесі
- 📹 Бейнебақылау (полиция департаментімен интеграция)
- 🔒 Домофон орнатылған, охрана агентствосы
Топтардағы дамытушы кеңістік орта
Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы»,«Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,«Біртұтас тәрбие» «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», «Кітап бұрышы», «Табиғат бұрышы», дамытушы кеңістік орта жасақталған.